+7 (727) 267-28-83

 2018 жылғы 11 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасына Cловенияның Нитр университетіненпрофессор Ева Рейд және ассистент Божина, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор  Г.С. Сұлтанғалиева және т.ғ.к., аға оқытушы Б.С. Асанова келді.   

   Іс-шара барысында қонақтар бірлескен Келісімшарт негізінде дуалды білім беру аясында ашылған «Кітапханатану және библиография» кафедрасының жұмысымен кеңірек танысып, «Кітапхана ісі» саласында оқитын студенттермен кездесті. 
   Шара соңында қонақтарға кітапхана бойынша экскурсия ұйымдастырылды. 
   Қонақтарды ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ғылым жөніндегі орынбасары А.Х. Юсупова және Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Г.А. Маханбетова қарсы алды.