+7 (727) 267-28-83

Қазақстан Республикасы Ұлттық  кітапханасының тарихы. 1 том(1931-1990) = История Национальной библиотеки  Республики Казахстан. Том 1: (1931-1990) /жоба жетекшісі Г.К.Балабекова; кұраст. К.Т.Касымжанова, Е.И.Исмаилов; ғылыми ред. А.Ш.Алтаев; ауд. Қ.Жорабеков. – Алматы, «Өнер», 2011. - 440 б. -  Қазақ, орыс тілдерінде. 

   «Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының тарихы» кітабының бірінші томында 1931 жылы Қазақстанның Мемлекеттік көпшілік кітапханасын ұлттық кітапхана ретінде кұрудың тарихи кажеттілігі мен әлеуметтік-саяси жағдайлары және оның ұлттық кітап қоймасы, кітапханатану, библиография, кітаптану саласы бойынша ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеу орталық ретінде дамуы ашып көрсетілген. Құрылған кезден бастап 1931-1990 жылдар аралығындағы кітапхана қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыстар туралы жазылған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық  кітапханасының тарихы. 2 том: (1991-2011) = История Национальной библиотеки  Республики Казахстан. Том 2: (1991-2011)  /жоба жетекшісі Г.К.Балабекова; кұраст. А.Ш.Алтаев, Б.Ш.Шаймерденова; ғылыми ред. А.Ш.Алтаев; ауд. Қ.Жорабеков. – Алматы, Өнер, 2011.  – 352 б. - Қазақ, орыс тілдерінде.

   Кітапта Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының 1991-2011 жылдардағы дамуына байланысты ресми құжаттар, мемлекеттік мәдени бағдарламаларға қатысуы туралы есептер, еліміздегі кітапханалардың ғылыми-әдістемелік орталығы ретінде кітапхана ісін дамытуға орай дайындалған жобалары, басылымдары, негізгі бағыттары  бойынша дайындалған мақалалар, интеллектуалдық меншік нысанын тіркеу куәліктері, кітапхананың жаңаша даму деңгейін сипаттайтын көлемді материал қамтылған. Басылым кітапхана ісі саласының мамандарына, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, зерттеушілерге және көпшілік оқырман қауымға арналған.

 
 

Сайтта

Қазір сайтта 107 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.