+7 (727) 267-28-83

 

Кітапхана қорларын қалпына келтіру және түптеу жұмыстарының негізі: әдістемелік ұсыныс / Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы;  құраст.:  Р.Н. Биғазиева; ред.:  Г.Т. Рахимжанова, Г.А. Маханбетова; жауапты ред.: К.К. Қоштаева, Б.Ш. Шаймерденова. – Алматы, 2013. – 66 б.

ҚР Ұлттық кітапханасы кітапхана  қорын консервациялау және түптеу бойынша іс-тәжірибелерді ұсынатын «Кітапхана қорларын қалпына келтіру және түптеу жұмыстарының негізі» атты әдістемелік ұсыныс дайындап шығарды. Әдістемелік ұсыныста қағаздан дайындалған құжаттардың бүлінуінің себептері және оның алдын-алу шаралары, қалпына келтіру мен түптеу жұмыстарының үдерістері, технологиялық әдістері қамтылған. Басылым кітапхана мамандарына, құжаттарды қалпына келтіруші және түптеу ісінің мамандарына арналған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасындағы жұмыс үдерістерін мөлшерлеу = Нормирование процессов работы в Национальной библиотеке Республики Казахстан / бас ред.: Г.Қ. Балабекова; құраст.: К.К. Қоштаева, Г.Т. Рахимжанова; ред.: Б.Қ. Оспанова; А.Х. Юсупова / ҚР Ұлттық кітапханасы. - Алматы, 2013.-102 б.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасындағы жұмыс үдерістерін мөлшерлеу» әдістемелік құралында ҚР Ұлттық кітапханасындағы жұмыс уақытын ғылыми зерттеу, статистикалық деректер, хронометраж, фотосуреттер негізінде жасалған негізгі ақпараттық-кітапханалық үдерістерге уақыт мөлшерлері берілген. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру, сапасын арттыру және оның анағұрлым тиімді тәртібін енгізу мен жоспарлауға негіз болатын көмекші құрал ретінде ұсынылады.

Қазақстан кітапханалары - 2012 жыл. Мәліметтер. Сандар / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: А.Қ.Байдарова, Г.Т. Рахимжанова, Г. А. Маханбетова; ред.: Б.Қ. Оспанова, К.К. Қоштаева.- Алматы, 2013. - 62  б.: кесте

«Қазақстан кітапханалары - 2012 жыл: Мәліметтер. Сандар» сараптама-статистикалық жинақта Қазақстан Республикасындағы Мәдениет және ақпарат министрлігі жүйесіндегі мемлекеттік көпшілік кітапханалар туралы мағлұматтар берілген.
Басылым республикалық, облыстық ғылыми әмбебап кітапханалардың 2012 жылғы жұмыс есептерін саралау  негізінде дайындалды. Басылым статистикалық ақпарат көлемі жағынан Қазақстанның жалпыға қолжетімді көпшілік кітапханаларының жағдайы мен даму динамикасы туралы бірегей анықтамалық болып саналады.
   Жинақ кітапханалық-ақпараттық сала мамандарына, студенттер мен ғалым-мәдениеттанушыларға, басқару органдары қызметкерлеріне  арналған.

Морева О.Н. Кітапхана қорын ұйымдастыру: оқу-тәжірибелік құрал / О.Н. Морева; ҚР Ұлттық кітапханасы; ауд.: Г.А. Маханбетова, Г.Т. Рахимжанова; ред.: К.К. Қоштаева, Б.Ш. Шаймерденова. – Алматы, 2013. – 158 б.

Белгілі Ресей кітапханатанушысы О.Н.Мореваның «Организация библиотечного фонда» кітабы «Кітапхана қорын ұйымдастыру»: оқу-тәжірибелік құралы қазақ тіліне аударылып шығарылды. Құралда қорды қалыптастырудың жаңа  технологиясы, кітапхана қорын ұйымдастырудың негізгі үдерістері және қорды қалыптастыру бойынша орындалған жұмыстардың дұрыстығын бағалауға мүмкіндік беретін оқып үйрену, зерделеу үдерістері берілген. Бұл құрал кітапхана қызметкерлеріне, кітапханатанушыларға, жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сондай-ақ білімнің басқа да салаларының мамандарына арналған.