+7 (727) 267-28-83

Қазақстан кітапханалары - 2015 жыл. Мәліметтер. Сандар / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: Г.Т. Ауғанбаева, Г.А. Маханбетова, Г.Т. Рахимжанова; - Алматы, 2015. - 71 б: кесте.
Сараптама-статистикалық жинағында Қазақстан Ресупбликасындағы кітапханалар және олардың кітапханалық қызметі туралы қысқаша мәлімет берілген. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты кітапханалардың ҚР Ұлттық кітапханасының сайтында (www.nlrk.kz) орналасқан «Қазақстан кітапханалары: мәліметтер және сандар» атты электронды дерекқорына республикадағы жетекші кітапханалар мен облыстық ғылыми әмбебап кітапханалар тарапынан онлайн тәртіпте енгізілген 2015 жылғы жұмыс есептерінің статистикалық деректері мен ақпараттары бойынша және облыс кітапханаларының есептерін саралау, зерделеу негізінде дайындалды. Қосымша кестелерде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жүйесіндегі мемлекеттік көпшілік кітапханалар жұмысының 2014-2015 жж. барлық бағыттағы негізгі көрсеткіштері  және облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаларының негізгі көрсеткіштері ұсынылған.

Басылым кітапхана мамандарына, зерттеушілерге, ғылыми қызметкерлерге және жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған.

Кітапханашы анықтамалығы : екі бөлімнен тұрады / ҚР Ұлттық кітапханасы ; жауапты ред. Ж.Т. Сейдуманов ; құраст.: К.К. Қоштаева, Г. А. Маханбетова, Г.Т. Рахимжанова, Г.Т. Ауғанбаева.– Алматы, 2016.– 2-ші бөлім.– 240 б.
Кітапханашы анықтамалығының екінші шығарылымындағы бөлімдерде:
- кітапханалық менеджмент; 
- кітапхана қызметін ғылыми-әдістемелік жұмыспен қамтамасыз ету; 
- кітапханалардағы жобалық жұмыстарды ұйымдастыру; 
- кітапхананың жұмыс үдерістерін мөлшерлеу; 
- кітапхана ғимараттары туралы ақпарат берілген.

 Анықтамалық барлық жүйелер мен мекемелердің кітапхана қызметкерлеріне, кітапхана ісі бойынша жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының дәріс берушілері мен студенттеріне арналған.
 

Н.Қ. Дәулетованың ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі және Қазақстанның кітапхана ісінің қазіргі заманғы даму бағыттары = Научно-организационная деятельность Н.К. Даулетовой и современные тенденции развития библиотечного дела Казахстан : респуб. ғылыми-практ. конф., (Алматы, 13 мамыр 2016 ж.) / ҚР Ұлттық кітапханасы ; ред.: Ә.А. Асқар, Б.К. Оспанова, А.Х. Юсупова ; құраст.: Э.Ж. Әзіретбергенова, Г.Т. Рахимжанова.– Алматы, 2016. – 118 б. – қазақ, орыс тілдерінде.

Жинаққа Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген кітапханашысы, тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі қоғам қайраткері Нәзира Қожақметқызы Дәулетованың туғанына 90-жыл толуына арналып өткізілген ғылыми-практикалық конференция материалдары енгізілді. Сонымен қатар, Қазақстандағы кітапхана ісінің дамуы мен қалыптасуы жайында өзекті мақалалар қамтылған. 
Баcылым кітапхана мамандары мен қалың жұртшылыққа арналған.

Кітапхана құқы: заң және нормативтік-құқықтық актілер жинағы = Библиотечное право: сборник законов и нормативно-правовых актов / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст. Г.А. Маханбетова; ред. К.К. Қоштаева. – Алматы, 2016. – 16-шығ. – 125 б. – қазақ, орыс тілдерінде.

Басылымға Қазақстан Республикасында 2014-15 ж. кітапхана ісі мен мәдениет мәселелеріне байланысты қабылданған заңнамалық және нормативтік-құқықтық  актілер алынды. Жинақта  ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР Мемлекеттік хатшысының өкімі мен ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрықтары берілген. 
Жинақ кітапханалық-ақпараттық сала мамандарына, кітапхана ісі бойынша жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен ғалым-мәдениеттанушыларға, басқару органдары қызметкерлеріне арналған.